Білім. Білім шаңырақтарындағы тамақтану орындары

Шала піскен фастфудқа өзіміз де, балаларымыз да әуес болып бара жатқандығын мойындауымыз керек. Сол тез тамақтың құдіретінің неде екендігін кім білген? Бірақ кішісін де, үлкенін де жаулап алды. Кейбір деректер бойынша, қазір қала баласының 80-83%-ы түрлі химиялық қоспалар негізінде жасалған тіскебасарларды күнделікті пайдаланады. Әлбетте үйде жүрген баланың қорегін ата-анасы қадағалар, ал мектептегі баланың тамағы қандай?