Өнеркәсіп. Орман өнеркәсібі

Бүгінгі бағдарламада біз кәсіпкерге де, мемлекет бюджетіне де болмашы табыс түсіріп отырған орман өнеркәсібі туралы сөз қозғамақпыз. Сала кәсібінің төмендігіне екі нәрсе себеп болып отыр. Біріншіден, орман шаруашылығы өте сезімтал сала, екіншіден, сарапшылардың айтуынша, бұл өзіне арнайы заңнама мен мемлекеттік бағдарламаны қажет ететін сала.