Мемлекет басшысының ресейлік «Первый канал» телеарнасына берген сұхбатының толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ресейлік телеарна тілшісімен әңгімелесу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері жөнінде айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне және перспективаларына тоқталып, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің негізгі мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.