Сақшы. Ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі

Өрт шығу қаупі жоғары нысандардағы адамдардың қауіпсіздігі, түсетін пайдадан артық тұруы шарт. Сауда ойын-сауық орталығы – сауданың сан түрін жүргізу кешендері бар алып ғимарат қана емес, адамдар ең көп жиналатын жер. Әдетте мұндай орындарға халық демалу үшін келеді. Сондықтан өрт шыққан жағдайда жылдам және тиісінше әрекет етуге сақадай сай бола бермейді. Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау ретінде мораторий жарияланғанына қарамастан, мемлекет адам өміріне қауіп төндірер жағдайларға үнемдеуге қарсы. Жақын уақытта өрт қауіпсіздігі бойынша барлық сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар және халық көп жиналатын басқа да жерлер жіті тексеріледі.