Үлкен спорт. Басы дауға қалған Конор Макгрегор полициямен келісімге келуге тырысуда

TMZ Sports басылымының хабарлауынша, жазадан құтылуға тырысқан ирландық спортшы Конор Макгрегор полициямен ымыраға келуге тырысуда. Сәуір айының басында ол, Хабиб Нурмагомедовке жұдырығын ала жүгірген еді. Бірақ дағыстандық төбелесуден бас тартқан болатын. Мұнымен тынбаған Конор мен оның достары, Хабиб пен өзге де спортшылар мінген автобусқа темір сынықтарын лақтырған.