Отбасылық бюджет. Стоматологиялық қызметтерге қалай үнемдеуге болады?

Тіс дәрігеріне қаралу - көптің көңіліне жаға бермейтін процедура. Біреулер ауыратынынан сескенсе, басқалары ем-дом шараларының қымбатқа шығып, қалтасынан қағылуынан қорқады. Мұндайда бірінші кезекте тіс ауыруының алдын алуды ойлаңыз. Мәселен, клиенттерді тарту үшін көптеген стоматологиялық орталықтарда тіс пен ауыз қуысын тегін тексеріп береді. Ал егер дәрігердің жасаған қорытындысы көңіліңізден шықпай, көлденең қызметтердің қосып жібермейтініне күмәндансаңыз, басқа клиникаларға қаралып, тексеруіңізге әбден болады. Не болғанда да сіз тек уақытыңызды жоғалтасыз. Тіс ауруларының алдын алудағы тағы бір маңызды шарт - күнделікті гигиеналық тазалық.