Іскерлік ақпарат. ЕАЭО электромобиль иелерін көлік салығынан босатуды ұсынды

Еуразиялық экономикалық одақ электромобиль иелерін көлік салығынан босатып, қуаттағыш құрылғылар орнатылған тегін автотұрақ беруді ұсынды. Электромобиль өндірісін ынталандырып, тұтынушылар арасында қызығушылықты арттыру мақсатында алдағы үш жылға шаралар легі дайындалды, дейді Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі. Жалпы электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарының бөлшектері мен базалық құрал-саймандары тізімін қалыптастыру арқылы өндірісті ынталандыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, шетелден әкелінетін түрлеріне кедендік баж салығын төмендету мен электромобильдердің кооперациялық өндірісін құру күн тәртібінде тұр.