Мәдениет жаңалықтары. Алматыда белгілі суретші Қуаныш Базарғалиевтың жеке көрмесі өтті

Алматыда белгілі суретші Қуаныш Базарғалиевтың жеке көрмесі өтті. «Единство и борьба противоположностей» деп аталған жобаға, автордың бұрын-соңды көрсетпеген 13 туындысы кірген. Автордың еңбектеріне қарап оның атышулы «Когда все люди были казахские» және «Қошқармүйізім» серияларынан жаңа мағына іздеу үстінде екенін аңғаруға болады.