Экономика. Мұнай өндіру

Қазақстан жаңалықтар: 

- Бүгінгі таңда Қазақстанда қара алтын өндірілетін 200-ге жуық кен орны бар. Күн сайынғы өндіріс көлемі шамамен бір миллион 800 мың баррель болады. Сонымен қатар, өндірілген шикізаттың дені – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған кен орнына тиесілі;

- Төрт айда табиғи газ өндірісі 18 млрд. 800 млн. текше метрге жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,3%-ке артық;

- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының тоқтау мерзімі екі есеге қысқарады;

- Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға елдегі білімді дамытуға 67 млн. доллар көлемінде қарыз бөледі;

- Көп айлық құлдыраудан кейін ҚР екінші екінші деңгейлі банктері активтерінің жиынтық көлемі көтеріле бастады. Бір айда 161 млрд. 400 млн. теңгеден 23 трлн. 770 млрд. теңгеге дейін жетті

Әлем жаңалықтар: 

- Мұнай өндірісін қысқарту бойынша ОПЕК+ келісімі түзетілуі мүмкін. Өйткені оған қатысушылар Венесуэладағы мұнай өндірісінің рекордтық түрде қысқаруына байланысты мәміленің қазіргі жағдайдағы мақсаттылығына күмәнмен қарап отыр. ОПЕК-тегі дереккөзге сілтеме жасай отырып;

- Британдық BP және американдық Venture Global LNG-дің еншілес компаниясы, 20 жылға келісімге қол қойды. Онда 2022 жылдан бастап, жылына 2 миллион тонна көлемінде американдық сұйылтылған газ жеткізу қарастырылған;

- Ресейдің ауылшаруашылығын қадағалаушы органы, Аргентинадан жеткізілетін мал шаруашылық өнімдерінен антибиотиктер болуы дерегінің жиілегеніне алаңдаулы;

- АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үкіметіне мемлекеттік активтерді сату және Венесуэланың мемлекеттік қарызы бойынша АҚШ-та тыйым салынған кез-келген операцияны шектеуге бағытталған атқарушы жарлыққа қол қойды.