Білім. Халықаралық жеңімпаздар

«Өнер, білім бар жұрттар». Білім туралы ой қозғалса, ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсариннің осы бір сөзі ойға орала кетеді. Жайсаң өнер де, ұшқыр білім де бізде емес, бөтенге ғана тиесілі дүние сияқты. Тек, ол заман өтті. Уақыт өзгерді. Жаңа буын, тың леп келді. Олармен бірге ұлттық өнер мен білім де қайта түлегендей. Желкілдеген жастарымыз талапшыл, өр мінезді. Біз бүгін өшпес, өлмес дүние - білімге құмартқан бірілі-екілі түлектеріміз туралы айтпақпыз.