Білім. «Болашақ» президенттік стипендиясы

«Болашақ» президенттік стипендиясы - талай жастың қиялын біліммен ұштастырған игі бастама. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолға алынған үлкен жобаға биыл 25 жыл. Ширек ғасырда 13 мыңнан астам жас шетелдің үздік жоғарғы оқу орындарының білімін алып, тәжірибесімен толықты. Қазір олар біздің ортамызда. Елдің, қоғамның дамуына еңбек етіп жатыр.