Экономика. Қазақстандағы кондитерлік өнімдер

Қазақстан жаңалықтары

-          Алғашқы алты айда қазақстандықтар ақша аударымы жүйелері арқылы шетелге 265 млрд 400 млн теңге жөнелткен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда, 30,5%-ке немесе 62 млрд теңгеге көп

-          Қостанайда табиғи газды сұйылтатын және криогендік жабдық өндіретін зауыт салу жоспарлануда

-          Ғаламдық ауылшаруашылық ақпарат жүйесі мен АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің есебіне сай, 2018-2019 жылдары Қазақстанда астық өндірісі мен экспорты төмендейді

Әлем жаңалықтары

-          Немістің люкс автомобильдерін өндіруші Daimler, өзінің серіктесі BeijingAutomotiveGroupCo.-мен бірлесіп, Smart электрмобилін өндіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

Сараптама

Тәтті-тәпсек. Біреулер – оны есірткі десе, біреулер – өмірдің қызығына  балайды. Статистикалық деректерге сүйенсек, қазақстандықтар жыл сайын 360 мың тонна кондитерлік өнім тұтынады. Яғни, әрбір адамға орташа есеппен, 12 айда 19,5 келі тәттіден келеді. Дәл осы дерекке сай, азық-түлік сатып аларда азаматтардың дені кондитерлік бұйымдарға басымдық беретін көрінеді. (спикерлер: Жұмағұлов М.- ҚР АШМ өсімдік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің сарапшысы; Талғатбек Ә.- Қазақстан кондитерлері қауымдастығының президенті)