Мәдениетке саяхат. Венецияның Лидо аралында әлемдегі ең көне кинофестиваль басталды

Венецияның Лидо аралында әлемдегі ең көне кинофестиваль басталды. Биыл шара 75-ші рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальде Қазақстандық кинематографтар Әмір Байғазин мен Елдар Шибановтың туындылары ұсынылмақ. Бұл екі фильм де Венецияда әлемдік деңгейде алғаш көрсетіледі.