Әскер KZ. «Алтын үкі - 2018» әскери мергендер сайысы

12 мемлекет, мықты спортшылар, үлкен бәсеке. Қарағанды облысындағы Спасск оқу полигонында «иненің көзінен оқ өткізетін» мергендер жиналды. Олардың әрқайсысы – өз елдерінде қатарларынан озат атқыштар. Оларды – армияның элитасы десек те болады. Ал Қазақ жерінде өткен жарыстың мергендер үшін пайдасы орасан. Осындай додалар арқылы әскери қызметкерлер бейбіт күнде өз қарым-қабілеттерін көрсете алады. Иә, тек бейбіт күнде және осындай додалар кезінде көрсеткенін тілейміз. Бірақ, қай кезде де олардың жауынгерлік даярлықтары жоғары деңгейде болуы шарт. Халықаралық жарыс та сол үшін ойлап табылған.