Транзитті Қазақстан. Электрондық сауда

Өткен жылы Қазақстанда электрондық сауда көлемі 30%-ға өсіп, 1 миллиард долларды құрады. Электрондық сауда - бұл жаһандық тренд. Аталмыш жаңашылдықтан еліміз де қалыс қалмай келеді. Қазіргі таңда тапсырыс берген кез келген зат үшін онлайн төлем жүргізуге болады. Отандық интернет бизнес қауымдастығының мәліметінше, ғаламтор арқылы сатып алынатын қызметтердің ішінде халық тұтынатын тауарлар, әсіресе, киім-кешек, тұрмыстық техника және жолаушы билеттері сұранысқа ие. Электрондық сауданың дамуы бойынша виртуалды кеңістікте АҚШ, Қытай және Еуроодақ елдері көш бастап тұр.