Экономика. Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа моделі

Қазақстан жаңалықтары

-          Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, Ұлттық қорға 2 трлн 16 млрд 200 млн теңге түскен. Бұл 2017 жылдың жиынтық түсіміне жетіп жығылады

-          Шілдеде айырбастау пунктеріндегі еуроның нетте-сауда көлемі 20 млрд 800 млн теңге болған. Бұл өткен айға қарағанда 1%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          Жұма күні Volkswagen AG, Кристиан Дальхаймды топтың жаңа коммерциялық директоры етіп тағайындағанын мәлімдеді

-          Катар бес жыл ішінде, Германия экономикасының дамуына, 10 миллиард еуро инвестициялауды жоспарлап отыр

Сараптама

Қазақстанда экономикалық өсудің жаңа моделі таныстырылды. Сыртқы экономикалық ахуал мен одан болуы мүмкін әсерді жою қажет. Бұл 2050 жылы әлемнің анағұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену бағытын сақтау үшін жасалып отырған қадам. Жеті жүйелі реформа мен жеті басым саясат  белгіленді. Дәл осындай жетіге жеті деген формула тұрақтылық пен дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанның ғаламдық бәсекелестікке жетуіне жол ашады. (дәйексөздер:   Сүлейменов Т.- ҚР Ұлттық экономика министрі;  Домнин С.- ӘЭСИ сарапшысы)