Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жаңа Зеландия америкалықтардың инвестициясын қабылдаудан бас тартуда

Жаңа Зеландия қалталы америкалықтардың инвестициясын қабылдаудан бас тартып отыр. «Блумбергте» жарық көрген материалында Оливия Карвиль мұның себептеріне тоқталады. Ақырзаманның жақын қалғаны Кремний алқабында ұзақ жылдан бері айтылып келеді. Сөзі мен ісі қиыспағандардың арасынан нақты әрекетке көшкендер суырылып шықты. Биыл Жаңа Зеландия жағалауына Техастан әрқайсысының салмағы 150 тонна тартатын екі бункер әкелініп, 3,5 метр тереңдікке көмілген. Кремний алқабындағы 7 бизнесмен осының ішінен орын сатып алды, дейді бункерлерді құрастырушы компанияның бас директоры Гари Линч.