Экономика. Қазақстан халқының сатып алу қабілеті

Қазақстан жаңалықтары

-          Монополияға қарсы ведомство мамандары, Алматының жылу жүйелері әрекетінен жүйелі заңбұзушылықты анықтады. Сөйтіп, тұтынушыларға 1,5 млрд теңге қайтаруды міндеттеді

-          Осы жылдың алғашқы жартысында баспагерлік қызмет 20 млрд 700 млн теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,6%-ке артық

-          Осы жылдың 8 айында, Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісі көлемі, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,7%-ке артты

-          Құнды қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – басқарушы компаниялардың активтері, 2018 жылдың шілдесі соңында 176 млрд 700 млн теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 42,8%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          Осы жылдың соңында, Еурокомиссия, әлемдегі бірыңғай еуропалық валюта – еуроны нығайтуға атрналған бірқатар бастамаларды ұсынуды жоспарлап отыр

-          Экономикалық даму министрлігі, 2018 жылдың соңында, долларға шаққанда Ресей валютасы 63-64 рубльге дейін нығаю мүмкіндігін жоққа шығармайды

Сараптама

Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 158 мың 234 теңге болады. Халықтың кіріс деңгейі бойынша, сол таукен қазу өнеркәсібі алда келеді. Бұл саладағы жалақы 361,6 мың теңге болады. (спикерлер: Шаикова А.- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы СЗБ қызметінің жетекші ғылыми қызметкері; Айғазин Ж.- Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры)