Экономика. Қазақстанның элеваторлары

Қазақстан жаңалықтар:

- Құрылыс секторындағы ірі компаниялардың қатары сиреп барады. Айналымға қажетті қаржының тапшылығынан 22 кәсіпорын жабылып қалған;

- Қостанай облысының, Арқалық қаласында етті қайта өңдейтін ірі  кешеннің ашылуына дайындық жүріп жатыр;

- Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру 2018 жылы 91 млн тонна, 2019 жылы 93 млн тонна деңгейінде болады деп болжанып отыр.

 

Әлем жаңалықтар:

- ОПЕК+-тің мәмілелеорін орындау, тамызда қысқартылуға тиісті бекітілген нормадан асып кетті;

- Миллиардер Марк Бениофф, әйелімен бірге, медиа конгломераты – Meredith-тен Time журналын 190 млн долларға сатып алып жатыр. CNN-ге сілтеме жасай отырып;

- BMW Brilliance автомобиль компаниясы, 2018 жылдың қарашасынан бастап, Қытайдағы 140 мыңға жуық автомобильді кері қайтарады.

 

Сараптама: Қазақстанның элеваторлары

Қазақстанда орақ науқанының нағыз қызғаны шағы. 2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі ахуал бойынша, республикаадағы егістік алқабының жартысынан сәл артығы орылды. Түсім орташа есеппен әр гектардан 12,4 центнерден айналуда. Өткен науқанда бұл көрсеткіш 13,4 центнерден болған еді. Дегенмен, бұл әзірге алдын ала сан ғана. Ал, сарапшылар, шығымдылық шамамен 1,2 центнерге артық деп мәлімдеп отыр. Әзірге жиналған астық жеке қоймалар немесе элеваторларға жөнелтіліп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда жиналған өнімді сақтауда мәселе жоқ. Елдегі жалпы сақтау орындары, жиналады деп болжанып отырған астық көлемін толық қамти алады. (Мұстафина Қ.- ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің басқарма басшысы; Қашқымбаев С.- «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары).