Кемел қала. Жасанды интеллект қалдықтарды сұрыптайды

Астанада инновациялық эко-мәдениетті дамытуға бағытталған стартап-марафон мәресіне жетті. Бастама елордадағы оң әлеуметтік және экологиялық өзгерістерге түрткі болмақ. Startup Weekend – Astana Innovation Challenge жобасы аясында өткен биылғы жылдың қорытынды шараларының бірі. Конкурсқа тұрақты даму тақырыбы арқау болды.