Үлкен спорт. Премьер-лигада сәтсіздікке ұшыраған Жозе Моуринью қызметінен кетті

Премьер-лигада сәтсіздікке ұшыраған Жозе Моуринью қызметінен қуылды. Бұл кезде турнир кестесінде 6 орында тұрған «Манчестер Юнайтед» көшбасшы командадан 19 ұпай артта қалды. «СиЭнЭннің» хабарлауынша, португал бапкері тізгін ұстаған команда соңғы ойында «Ливерпульден» жеңілген. Енді оның міндетін жазға дейін бұрынғы ойыншы Майкл Кэррик атқара тұрады. «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырған Моуриньо Еуропа Лигасын, Англия суперкубогін, Лига кубогін ұтып алды. Алайда қыңыр мінезімен көпшіліктің есінде қалды. Ол тіпті команданың басты ойыншысы, француз Поль Погбамен де дауласқан. Бас бапкер трансфер арқылы жаңа ойыншыларды сатып алуға мүмкіндік берілмегеніне шағымданды. Ал байырғы футоболшылар Ресейдегі әлем Чемпионатынан кейін қатты шаршаған көрінеді.