Мәдениетке саяхат. «Астана Опера» театры жыл сайынғы дәстүрінен биыл да жаңылмады

«Астана опера» ұжымы жыл сайынғы  дәстүрінен жаңылмады. Театр әртістері мерекелік концерттер желісін «Шырша маңындағы Рождество»  шарасымен жалғады. Кеште Шуберттің, Бахтың, Гуно мен Массненің туындылары шырқалды. Сондай-ақ, Гендельдің «Ринальдо» операсынан Альмиренаның ариясы, Элгардың «A Christmas Greeting» сынды шығармалары орындалады.