Үлкен спорт. Спортшы Уэйн Руни АҚШ-та тұтқынға алынды

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Манчестер Юнайтедтің бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни АҚШ-та тұтқынға алынды. Ол ішімдік ішіп, қоғамдық жерде балағат сөз айтқаны үшін айыпталып отыр. Ағылшын спортшысы айыппұл ретінде 25 фунт төлеуге мәжбүр болды. Бұл - 116 доллар. «Ди Си Юнайтед» шабуылшысының өкілі спортшының Вашингтон әуежайында әдепсіздік жасағаны үшін тұтқындалды деп түсіндірді.