Кемел қала. Астанада жұмыс кестесі саусақ таңбасы арқылы қадағалана бастады

Астанада 160-тан астам компания өз қызметкерлерінің жұмыс кестесін саусақ таңбасы арқылы қадағалай бастады. Жұмыс уақытын есепке алудың биометриялық жүйесін жедел тамақтану желілері, мемлекеттік мекемелер, қаржылық және өзге де ұйымдар қолданып жүр. Бұл жаңашылдық кәсіпорындардағы еңбек өнімділігін арттырып, өз ісіне салғырт қарайтын қызметкерлердің жалақысына кететін шығынды азайту мүмкіндігі туды.