Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Македонияның атауы өзгертілуін Грекия ресми түрде қолдады

Македонияның атауы өзгертілуін Грекия ресми түрде қолдады. Осылайша, 27 жылға созылған дауға нүкте қойылды, деп жазады BBC. Қарсы дауыс берген 146 дауыстан 153 дауыспен басым түскен Грекия Парламенті  бұрынғы югославиялық республикамен арадағы тарихи келісімді ратифицикациялады. Халықтың басым көбісінің наразылығына қарамастан, депутаттар Солтүстік Македония Республикасының жаңа атауын қолдады. Осы мәмілеге бас болған Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас грек Парламентіндегі дауыс беру рәсімін тарихи сәт деп бағалады.