Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Saudi Aramco Қытайда мұнай-химиялық кешенін тұрғызады

Saudi Aramco Қытайда мұнай-химиялық кешенін тұрғызады. Құны 10 млрд доллар құрайтын кешеннің құрылысына жергілікті компаниялар да атсалыспақ. Әлемдегі ірі мұнай экспорттаушы мұнымен шектелмей, басқа бір мұнай өңдейтін кәсіпорынның 9пайыз үлесін иеленеді. «Нэшнал» басылымының тілшісі Дженнифер Гнананың жазуынша, қытайлық NORINCO мен Panjin Sincen кәсіпорындарымен күш біріктіретін Сауд Арабиялық Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы мұнай-химиялық  кешеннің құрылысына кіріседі. Бұл нысан Паньцзинь қаласында бой көтермек.