Үлкен спорт. Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисімен қомақты келісімшартқа қол қоймақ

Геннадий Головкин жақын күндері DAZN стримингтік сервисімен қомақты келісімшартқа қол қоюы мүмкін. Платформа қазақстандық боксшыға 3-тен 6 кездесуге дейін өткізуді ұсынған. Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырықтасқаны үшін GGG 30 миллион долларды қалтаға басады. Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алғашқы екі кездесуінде миллионнан астам трансляция сатылыпты. Головкинмен өткізген екінші айқасынан кейін HBO-дан шығып кеткен «Канело» іле-шала DAZN компаниясымен құны 350 миллион долларды құрайтын онжылдық келісімшартқа қол қойыпты. Ал әліптің артын баққан Головкин қарсыласының әрекетін ақыл таразысына салды. Спортшы бұл сервиске өз жауабын келер аптада бермек.