Мәдениетке саяхат І Елордада Вадим Быковтың жеке шығармашылық көрмесі өтті

- Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұлы композитор Римский-Корсаковтың туғанына 175 жыл толуына орай құрылған бірегей концерттік бағдарламасын ұсынды;

- Елордада Вадим Быковтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Автордың 50-ге жуық жұмыстары Тәуелсіздік сарайының қабырғасына ілінген. Шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан маржандары» атты көрме-фестивалінің ашылу салтанаты өтті.