Мәдениетке саяхат І «Виолончель үн қатқан мамыр кеші»

- «Виолончель үн қатқан мамыр кеші». Осындай атаумен Астана Опера театрында қазақстандық виолончельші Сәния Дүркеева мен оның ұстазы – атақты швейцариялық виолончельші, Цюрих өнер университетінің профессоры Орфео Мандоццидің қатысуымен музыкалық кеш өтті;

- М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қазақстандық сазгер Юлия Лебедеваның - «Музыканың арғы жағында» деп аталатын музыкалық қайырымдылық спектактілінің тұсаукесері өтті;

- Николай Погодин атындағы Солтүстік-Қазақстан облыстық орыс драма театрында «Сны золотые» қойылымының премьерасы өтті.