Экономика І «7-20-25» бағдарламасының мүмкіндіктері

«7-20-25» бағдарламасының талап-шарттары өзгерді. Енді азаматтар алғашқы жарна ретінде пәтер құнының 20 процентінен артық ақша сала алады. Мұндай жағдайда айсайынғы төлем көлемі азаятыны түсінікті. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін банктер қойылатын талап та сәл жеңілдеді. Енді оған рейтингі «В» ғана емес «В-» деген банктер де қатыса алады. Яғни, активі тұтас банк секторының бұрынғыша 3 емес, 1 процентіне жететін қаржылық ұйымдар да «7-20-25» аясында несие бере алады. Сарапшылар бұл жеңілдіктер бағдарлама бойынша қызмет ұсынатын банктердің санын қазіргі 8-ден 18-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп есептейді.