Драйв І Отандық автоиндустрия қарқынды дамуда

2019 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алулар арқылы барлығы бір жарым мың көлік алынған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 50 процентке артқан. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар отындық көліктерді сатып алуға 10 миллиард теңге жұмсаған. Осылайша мемлекеттік автопарк тек өзімізде құрастырылған автомобильдермен толығып отыр.