Шаршы метр І Қала тұрғындарының шағымы көбейген

Шатырдан су кету, паркингті су басу, аулалардың сапасыз жасалуы, қоқысты уақытылы шығармау, жұмыс істемейтін лифтілер. Елорда әкімдігі мен «Nur-Otan» партиясының орталық аппараты және қалалық филиалына осындай шағымдар күнде түсіп жатады. Бір ғана үйлердің сапасыз салынуына қатысты жыл басынан бері 40 мың шағым тіркелген.