Пәтер жалдау туралы не білу қажет? І Халықтық экономика

Жалға беруші мен жалға алушы – пәтер жалдау туралы не білу қажет?

Қазақстанның ірі қалаларында пәтер жалдау – еңбегіңді еш, тұзыңды сор қылатын істің бірі. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. Риелторлар пәтер жалдаушылардың жауапсыздығына шағымданса, ал тұтынушылар керісінше көрсетілген қызметтің құнын төлегісі келмейді. Алайда нағыз қиындық пәтер іздеу кезінде емес, пәтер жалдаушы жалдамалы үйге көшкен кезде пайда болады. Егер өзіңізге ыңғайлы пәтер табу оңай болмаса, онда артық ақша төлемей, басы арттық мәселеден аулақ болу одан да қиын. Пәтерді жалға беруші мен жалға алатын азаматтар келісім-шарт жасағанда неге мәні берген жөн?  Төлемдерді қай уақытта іске асыру қажет? Бұл жайлы «Халықтың экономикасы» бағдарламасында айтамыз.