Спорт әлеміндегі ерекше құбылыс – Ильдар Құдайбергенов | Олимп

2021 жыл. Алматы. Чемпиондық белдік үшін Фаниль Рафиков пен Ильдар Құдайбергенов арасындағы айқас. Аралас жекпе-жек шеберлері басынан дегеннен белсенді бастады. Сәйкесінше әрқайсысы ұрымтал сәттерді күтіп, әдістерін қолданып жатыр. Екінші раундта қарсыласы ақсаңдай бастады. Құдайбергеновқа да керегі осы. Қанның иісін сезген жыртқыштай одан сайын атыла түсті. Жойқын соққысымен басын қанатты. Ақыры 5 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде Ильдар айқын басымыдықпен жеңіске жетіп, NFC тұжырымы бойынша чемпион атанды. 

Ол бүгінге дейін 4 жекпе-жек қана өткізген. Аз дайындалады. Үлкен жеміс алады. Талап мен таланты жақсы ұштастарады. Қысқасы, Ильдар – спорт әлеміндегі ерекше құбылыс.