Қоғамдағы жемқорлықты жоюға қаншалықты дайынбыз? | Antikor.KZ

Қарамағындағы адам жемқорлықпен ұсталса, басшы қызметінен кетеді. Біздің шенеуніктер қол астындағы адамның қылмысы үшін жауап беруге шынымен дайын ба?

Бір жарым жылда елде 7 әкім қызметінен ерікті түрде бас тартқан. Қалғандарының жайлы орындарынан кеткісі жоқ. Қарамағындағы қызметкері жемқорлыққа барса, басшы отставкаға кетуі керек деген талап іс жүзінде орындалып жатыр ма?

Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қоғамдық бақылау, басқарма басшылары мен әкім-министрлер жұмысының ашықтығы. Осының бәрі қоғамдағы жемқорлықты жоюға қаншалықты септігін тигізеді?

Жауапсыз басшыларға қоғам белсенділері қандай шара қолданады және қоғамда көп талқыланған дау кейбір шенеуніктердің ар-ұятын оята ала ма?

Егер қарамағындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысы болса, бірінші басшы 10 күн ішінде отставкаға кетуге міндетті. Қылмысқа барып, күдікке ілінген адамның кінәсі дәлелденсе, басшы қызметімен қош айтысады.