Токио төріндегі жеңіске толы Паралимпиада аяқталды | Олимп

Тарихи жеңіске толы Паралимпиада. Токио төрінде бірер аптаға созылған байрақты бәсеке аяқталды. Ұлттық құрамамыз алғаш рет 5 бірдей медаль жеңіп алып, ел абыройын кәдімгідей асқақтатты. Оның ішінде бұрын-соңды болмаған нәтижелер де бар. Тосын жаңалықтар болды. Түрлі сенсациялар кездесті. Осылайша, қазақстандық қыз-жігіттер жарыс алдындағы жоспарды асыра орындап қайтты.