«Елорда жастары» бағдарламасы: қанша адам баспаналы болады? | ДомоФОН

Келесі аптада «Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Қала билігі осындай ақжолтай ақпар айтты. Иә, бұл жоба жыл басында жүзеге асуы керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты күзге дейін шегеріп тастады. Енді міне жастардың тағатын тауысқан бағдарлама ақыры іске қосылатын болды. Оған кімдер қатыса алады? Негізгі шарттары қандай еді? Бүгін осы жөнінде айтамыз.