Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы «Казцинк» компаниясының рөлі | Ақпарат шебінде

Елордада 11-ші ASTANA MINING & METALLURGY конгресі өтті. Шараға халықаралық және еліміздің жетекші компанияларының, мемлекеттік органдардың, ғылым мен бизнес өкілдері жиналды. Конгрестің алтын серіктесінің бірі –  «Казцинк» компаниясы.  Ол - ірі мырыш және мыс, асыл металдар мен қорғасын сияқты металл түрлерін өндіретін интеграцияланған өндіруші.