Қазақстанның кілем өнеркәсібі | Өнеркәсіп

Қазақстанда кілем өнеркәсібі 2000 жылдардың ортасында өркендеді. Міне, осы кезде елімізде отандық кілемге деген сұраныс артты. Ал 2013 жылы Қазақстанда 14 млн шаршы метрден астам кілем бұйымдары сатылды. Бірақ Қазақстанда жасалған кілемдердің үлесі тым аз еді. Енді отандық кәсіпкерлер алдарына үлкен мақсаттар қойып отыр. Елімізде өңдеуші өнеркәсіптің бұл түрі баяу болса да өркендеп келеді. Сонымен отандық зауыттар қалай жұмыс істеуде және олар қандай қиындықтармен бетпе-бет келуде. Бұл туралы бүгінгі бағдарламада айтамыз.