Галапагос тасбақалары қатерлі ісіктен емдеуге көмектеседі | Шетелдік БАҚ

- Covid-19 жұқтырып, Франциия ауруханаларына дерті асқынып, ауыр халде түскендердің дені - вакцина алғандар. Францияның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, жансақтау бөліміне түскендер арасында екпе алмаған азаматтардың саны әлдеқайда аз, деп жазды Figaro.

- Ғалымдар Галапагос тасбақаларынан қатерлі ісіктен емдеуге көмектесетін гендерді тапты, деп хабарлайды Oxford Academic журналы.

- 250 млн жыл бұрын Жер бетінде жанартаулар толассыз атқылаған қыс орнады, деп жазды Daily Mail.

- Микки Маус 93 жасқа толды! Бір ғасыр бойы балалардың сүйкімді кейіпкеріне айналған америкалық туындының феномені туралы Welt газеті жазды.