Радиойодтерапия: қалқанша безі қатерлі ісігін қалай емдейді? | Диагноз

Радиойодтың медицинаға келгеніне 60 жылдан астам уақыт болды. Йод-131 негізінен қалқанша безінің онкологиялық ауруларын емдеуде қолданылады. Радиойодтерапияның тиімділігін бүкіл әлем мойындады. Ал Қазақстанда медицинаның бұл бағыты енді ғана өркендеп келеді. Елімізде ядролық медицинаны дамыту туралы идеяны 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Кейін бұл бастама бойынша үлкен жоба жасалып, кешенді құрылыс басталды.