Қазақстанның ұлттық жобалары өнеркәсіптің дамуына қалай әсер етеді? | Өнеркәсіп

Биыл қазан айында елімізде 10 ұлттық жоба қабылданды. Олар білім беру, денсаулық пен экологиядан бастап мемлекеттік қызметтер мен қауіпсіздікке дейінгі барлық салаларды қамтиды. Ұлттық жобаларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітті. Мемлекеттік бағдарламалар форматынан ұлттық жобаларға көшу міндеттерді шешуге деген көзқарастың түбегейлі өзгергендігін білдіреді. Өзгерістер қандай жаңалықтар әкелуі мүмкін және олар отандық өнеркәсіптің дамуына қалай әсер етеді. Бұл туралы бүгінгі бағдарламада таратып айтайық.