Мерекеге әдемілік сыйлатын шарлардың қоршаған ортаға зияны | Эко орта

Шарлармен безендірілген кез келген мереке көңілді өтеді, ал фотосуреттер жарқын әрі әдемі болады. Тек мереке аяқталғаннан соң олардың қажетсіз болып қалатыны жайлы ешкім ойламайды. Шарлар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі. Олар ашық аспан астында, күн көзінде жатса, бес жылға жуық ыдырайды. Ал егер тасада қалса, бұл процесс одан да ұзағырақ жүреді.