Зейнетақымыз қайда жұмсалып жатыр? | Өзекті

«Отандастарымыздың зейнетақысы қайда жұмсалып жатыр? Жауаптылар шетелдік компанияларға инвестиция ретінде салынған дегенді үнемі желеу етеді. Бірақ нақты қандай компаниялар? Олар немен айналысады? Мұны ешкім білмейді немесе бізге айтпайды», - деп шамданды Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаны біздің билік тиімді жұмсап жатқан жоқ. Тіпті бір бөлігін жоғалтып та үлгерген. Мұндайға жол беруге болмайды деген депутат зейнетақы қорындағы ақшаны сақтап, оны еселеудің жолын білемін деп отыр. Сонда Коммунистік партия төрағасы нені меңзеді? Қандай шешімі бар дейді? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жөнінде айтамыз.

«Өзекті» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.