Физиктер мультиәлем теориясын теріске шығарды | Шетелдік БАҚ

- Еуропалық Одақ жартылай өткізгіштердің өндірісіне 49 миллиард еуро жұмсамақ. «Чип туралы заң» болашақта осы өткізгіш тапшылығының алдын алып, азиялық жеткізушілерге тәуелділіктен құтылуды көздейді, деп жазады Engadget басылымы.

- Митохондриялық гендерді реттеудің жаңа әдісі арқылы тұқым қуалайтын түрлі дертті емдеуге болады екен. Тың зерттеу туралы еңбек Nature Communications журналында жарық көрді.

- Физиктер мультиәлем теориясын теріске шығарды. Phys.org сайтының жазуынша, фундаменталды сұрақтар институтының бұл жаңа зерттеуі әлемнің дәл реттелуі туралы түсініктің тас-талқанын шығарды.

- Британиядағы ірі супермаркет желілері адам жасын автоматты түрде тексеретін жүйені сынақтан өткізе бастады. Бұл қондырғы жастардың ішімдік сатып алуына жол бермейді, сонымен қатар кезек күту уақытын қысқартуға септігін тигізбек, деп хабарлайды BBC.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.