Қаржы мен ұйқы арасындағы байланыс | Керек дерек

Демалыссыз еңбек ететін адамдар қатарынансыз ба? Бәлкім күн-түн демей жұмыс істейтін шығарсыз. Ал ұйқыға көңіл бөлген адам жалқау немесе кедей деп ойлайтын боларсыз? Онда көп ұзамай сіздің ағзаңыз сыр беріп, қарсылық таныта бастайды. Өйткені демалыссыз жұмыс істеген адам тез жүдеп, ашуланшақ болады. Кез келген дүниеге ынта-зейін қоймайтын күйге жетеді. Сөйтіп жұмысшылардың жұмыс өнімділігі азайып, ол компанияның табысына әсер етпей қоймайды. Егер мұндай жұмысшы саны көбейсе, жұмыс беруші табыстан қағылады. Сондықтан бүгін біз тағы бір керек дерек қаржы мен ұйқының арасындағы байланыс туралы айтамыз.