Қарғалы ауылын заман ағымына ілестіруші ұстаз | Туған Ел

Қоңырауды қосып немесе өшіріп жатқан ешкім жоқ, автоматты түрде өз уақытында сыңғырлайды. Қарапайым ауыл мектебі заманның ағымына ілесуді бастап кеткен. Мұнда тіпті аудан орталықтарында енгізіліп үлгермеген жаңашылдықтар да бар. Бір қызығы, бәрін осында еңбек ететін физика мұғалімі жасаған. Түсірілім тобы қазір Алматы облысындағы Қарғалы ауылында. «Туған Ел» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында жобаларымен ауылын алға сүйреп келе жатқан Бақытәлі Дәулешярдің туралы айтамыз.

«Туған Ел» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.