Еліміздегі құрылыс саласын цифрландыру мәселесі қалай өрбуде? | Айтылды-орындалды

Құрылыс жұмыстарының сапасы - еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Сапасыз жолдар, халық наразылығы, саладағы жемқорлық - күн тәртібінде шешімін таппаған мәселе ретінде тұрақтағалы қашан.

2021 жылдың 27 қазанында «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы аясында Президент төрағалығымен Цифрландыру жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өткен болатын. Жиында Мемлекет басшысы осы мәселе жайлы сөз қозғап, құрылыс жұмыстарының сапасын анықтау үшін цифрлық құралдарды белсенді әрі кең көлемде енгізу қажеттігін атап өтті.

«Айтылды-орындалды» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.