Джозеф Байден өзінің онкологиялық дертке душар болғанын мәлімдеді | Баспасөз

- Қатерлі ісікке шалдыққан Байденнің көп кешікпей қызметінен кететіні туралы гу-гу қауесет. Resalat басылымының жазуынша, жуырда көпшілік алдында сөз алған Джозеф Байден өзінің онкологиялық дертке душар болғанын мәлімдепті. 

- Черногорияға ағылған туристер биыл жылдағыдан аз. Сербиялық Nova басылымының жазуынша, қазіргі көрсеткіш көңіл көншітпейді. 

- Жем бағасының қымбаттауынан литвалық фермерлер құс бағудан бас тартуға мәжбүр, деп жазады Delfi.

- Денім сау болсын десеңіз, тәттіден тыйылу керектігін білесіз бе? Тәттінің күнделікті мөлшерін есептеп шығарған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл ұсынысы Түркияға ұнамай отыр.

«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.