Бүкіләлемдік Олимпиадада ел намысын қорғаған шахматшылар нәтижесі | Тайм-аут

Соңғы кезде қазақстандық шахматшылар ақпарат құралдары беттерінен түспей жүр. Әсіресе, жуырда ғана Үндістанның Ченнай қаласында өткен бүкіләлемдік Олимпиададан кейін қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте 5-ші, ал, ұлдар құрамасы 17-ші сатыға тұрақтады. Қай-қайсы да ел үшін сенсациялық нәтиже, жеңіс болып есептеледі. Міне сол жарыста ел намысын қорғаған спортшыларымыз қазір Қазақстанға оралып жатыр. «Тайм-аут» солардың бірімен кездесу үшін арнайы елордадағы EXPO қалашығына, оның ішінде Қазақстан шахмат федерациясы орналасқан ғимаратқа жөнелді.

«Тайм-аут» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.